Реклама
Реклама

Шиммер мен Шайн

Шиммер мен Шайн – сиқырлау білетін егіз қыздар. Олар күніне үш тілектен орындай алатын екі джинн. Бір күні олардың лампасы Лея есімді қыздың қолына түседі. Осы сәттен бастап олардың бірлескен шытырман оқиғалары басталады. Бұл мультхикаяда Шиммер мен Шайн әрқашан тілектерді дұрыс орындай бермейді. Олар әлі өте кішкентай және заманауи технологиялармен таныс емес. Сонымен қатар, мультфильмде көптеген қиындықтарды олардың үй жануарлары – маймыл Тала мен жолбарыстың күшігі Нала туғызады. Бірақ Лея оларға ренжімейді, ол жаңа құрбыларының кесірінен тап болатын күлкілі жағдайлардан қуана шығады. Сиқырдың арқасында қыздың өмірі жеңілдемейтінін айту маңызды. Ол Шиммер мен Шайннан ағашта үй салуды немесе оны аққу ханшайымға айналдыру сияқты нәрселерді жиі сұрайды. Бірақ бұл әр уақытта апатқа әкеп соғатындықтан, Лея бірте-бірте бәріне өзі қол жеткізу керектігін, ал ерекше егіздермен достық оның өмірін жеңілдетпей, керісінше, қызықты ететінін түсінеді.

Реклама
Реклама

Түсініктемелер: